Жалалабадта 5 жасар баланы бетон қоршау басып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалалабадта 5 жасар балаға бетон қоршауы құлап, нәресте қаза тапты. Бұл туралы КирТАГ жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап хабарлады.

Жалалабадта 5 жасар баланы бетон қоршау басып қалды

«Қайғылы оқиға 1 сәуірде орын алды. Балалар Шопоков көшесінің бойындағы Жалалабад ІІБ ғимаратына қарсы көп қабатты тұрғын үйдің маңында ойнап жүрген. Кенеттен балаға  бетон қоршауының темір бетон плитасы құлады. Сол маңдағы ІІБ қызметкерлері дереу көмекке ұмтылды. Олар нәрестені ауруханаға апарды, дегенмен баланы құтқару мүмкін болмады», - деді куәгерлер.