Жалаңтөс баһадүрдің 440 жылдығына тарихи-танымдық конференция арналды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлының 440 жылдық мерейтойына орай Қазалыда «Жалаңтөс баһадүр - Тұран өркениетінің ұлы перзенті» атты тарихи-танымдық конференция өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат Қазалы аудандық әкімдігіне сілтеме жасап.

Жалаңтөс баһадүрдің 440 жылдығына тарихи-танымдық конференция арналды

Шара барысында «Рухы асқақ ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, құнды мағлұматтар берілді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Толыбай Жүсіпов батырдың ерлігі мен өмірін насихаттай келе, жастардың патриоттық сезімін ояту бағытындағы шараның маңызына тоқталды.

Конференцияны Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі Алмат Әбілхан қорытындылап, Жалаңтөс Баһадүрдің ерен ерлігі өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде кейінгі ұрпақтың жадында мәңгі қалатынын айтты.