19:43, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Жалдамалы қызметкерлердің саны 5,8 млн. адамды құрап отыр
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Республика экономикасында 2013 жылғы қаңтарда (бағалау бойынша) 8,5 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 57,0 мың адамға немесе 0,7%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,8 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 68,8%) құрады.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, 2013 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 488,1 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,4% құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2013 жылғы қаңтар айының соңына 47,9 мың адам («Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5%-ын құрады (2012ж. қаңтарда - 0,5%).
2013 жылғы қаңтарда бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,4%-ын құрады.