Жалдамалы пәтерде тұрған: Қостанайда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт табылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жоғалып кеткен жігітті полиция бөлімшесіне ағасы алып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, Даниэль Тарасевичті бөлімшеге 10 наурызда түнде ағасы алып келген.
Белгілі болғандай, жігіт осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерлерде түнеген, кейіннен ағасына өзі барған.
Даниэльдің жағдайы жақсы.
Еске сала кетейік, бұған дейін 18 жастағы қостанайлықты еріктілер мен полиция іздестіріп жатқаны хабарланған болатын.