Жалдау мерзімі біткенше Ресей Байқоңырдан кетпейді - «Ресейғарыш» басшысы

БАЙҚОҢЫР. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - «Ресейғарыш» басшысы Анатолий Перминов «Голос России» радиостансысына берген сұхбатында,
None
None

Байқоңырдың болашағы туралы сауалға жауап бере келе Қазақстан мен Ресейдің ғарыш алаңындағы ынтымақтастығы екі ел үкіметтерінің арасында 50 жыл мерзімге жасалған жалдау келісімшартының негізінде жалғаса беретінін атап көрсетті.

«Бұл туралы мен бірнеше рет айттым да, және тағы да айтамын: «Бүгінгі таңда «Байқоңыр» ғарыш айлағына, өкінішке орай балама жоқ. Мүмкін, өкінішке орай емес, қуанышқа орай да шығар. «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану мәселесінде Қазақстан Республикасымен өзара іс-қимылды қалыпты жүргізу керек. Ол жерде тек басқарып ұшырылатын бағдарлама ғана жұмыс істеп отырған жоқ. «Протон» ауыр зымырантасымалдағыштары да, орта санаттағы «Зенит» зымырандары да, т.б. сонда. Бұл зымырандық-ғарыш кешендерінің барлығы қалыпты пайдалану режімінде болуы керек. Ал үшін біздің агенттіктеріміздің арасында, елдеріміздің арасында жақсы қарым-қатынас керек», деп атап көрсетті Ресейдің ғарыш агенттігінің басшысы.

Байқоңырға тәуелділікті шешу шарасы ретінде «Восточный» ғарыш айлағын салу туралы тілшінің сауалына жауап берген А.Перминов: «Восточный» айлағын салуды жоспарлап отырған аймақты және жалпы ғарыш саласын дамыту керектігін теория және тәжірибе жүзінде де дәлелдедік. Ресей - ғарышты игеру саласындағы жетекші елдердің бірі. Басқа жетекші елдерді - АҚШ, Қытай, Үндістан елдерін алып қарасақ, олардың әрқайсысында 4-5 ғарыш айлағынан бар. Ал бізде бір ғана Плесецк бар, Солтүстікте орналасқан оның құрылысының өзі Қорғаныс министрлігінің ерекше міндеттері үшін салынды. Ал азаматтық қорғаныс барлық міндетті, оның ішінде жартылай болса да әскери міндеттерді шеше алады», дейді «Ресейғарыш» басшысы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум