Жалған ақпарат берген немесе мүлде бермеген мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы өз қалтасынан айыппұл төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалған ақпарат берген немесе мүлде бермеген мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы өз қалтасынан айыппұл төлейді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев айтты.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексте 30-дан 100 АЕК-ке дейінгі көлемде айыппұл қарастырылған. Мемлекеттік органдар тарапынан жалған ақпарат немесе сәйкесінше ақпарат берілмеген кезде мемлекеттік органның өзі емес, оның лауазымды тұлғалары айыппұл төлейтін болады. Өйткені, мемлекеттік орган ақшасы бюджет қаражаты, халықтың қаражаты», - деді депутат.

Сонымен қатар М.Әшімбаев ақпаратқа қолжетімділіктің жаңа заңнамасында бизнес субъектілерінің жауапкершілігі қарастырылғанын атап өтті.

«Егер олар бюджет қаражатын пайдалануға қатысты ақпараттарға ие санатына жататын болса және оны бермейтін болса, онда олар да заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Бұл ретте сөз аталған құрылымдардың, яғни, заңды тұлғалардың жауапкершілі жайында болып отыр», - деді М.Әшімбаев.

Толықтай алғанда, оның айтуынша, бұл заң ақпаратқа қолжетімділікке, түрлі мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

«Бұған қоса, бұл заң мемлекеттік шығыстарды оңтайландырға мүмкіншлік береді деп күтіп отырмыз. Яғни, барлық бюджеттік жобалар, қаржылық тұрғыдағы барлық жобалар туралы ақпараттар қоғамға қолжетімді болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар