Жалған ақша банкноталарын жасағандар белгілі болды - Қаржы полициясы

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Соңғы кезде республика бойынша сауда және қызмет көрсету орындары мен екінші деңгейдегі банктерде жалған ақша банкноталарын анықтау фактілері көбейіп кетті, деп хабарланады ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің реми сайтында.

Жалған ақша банкноталарын жасағандар белгілі болды - Қаржы полициясы

Агенттік және Жамбыл облысы мен Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаменттерінің бірлесіп жүргізіген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, ұзақ уақыт бойы Қазақстан аумағында жалған ақша белгілерін жасаумен және сатумен айналысып келген тұлғалар тобының заңсыз қызметі әшкереленді.
2011 жылғы 2 және 16 қарашада Агенттік қызметкерлері Астана қаласының И. деген азаматшасынан 1,1 млн.теңге және 400 мың теңге сомасында жалған банкноталарды сатып алуды жүзеге асырған.

Арнайы жедел-іздестіру шаралармен жалған банкноталарды жасаумен Жамбыл облысы тұрғындары Г.Жалбиева мен С.Бақтыбаев және ОҚО тұрғыны Н.Байқожаев айналысатындықтары анықталды.
2012 жылғы 5 қаңтарда жалған ақшаны ірі мөлшерде жасау және сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық істі тергеу барысында жалған ақшаларды сату сотпен қауіпті рецидивист деп танылған және тонау жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жатқан Б.Айнабеков арқылы жүзеге асырылып отырғаны белгілі болды.

2012 жылғы 19 қаңтарда Жалбиева ұсталды, тінту барысында одан жалпы сомасы 170 мың теңгені құрайтын 5 мың және 10 мың теңге номиналындағы қайталанатын нөмерлері бар жалған банкноталар табылды.
Ағымдағы жылғы 21 қаңтарда Байқожаевтың мекен-жайын тінту барысында ол 2000, 5000, 10 000 теңге, 100 АҚШ доллары және 1000 рубль банкноталарының электрондық нұсқалары бар тасымалданбалы қатты дискіні өз еркімен берді.

Тергеу эксперименті барысында Байқожаев номиналы 10 000 теңгелік жалған банкнотаны жасап көрсетті.
22 қаңтарда Жалбиева оның күнәсін мойындағанын, қылмысты ашудағы тергеуге көмектескенін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы келіп түскен арызын ескере отырып, үй қамауына алынды. Биылғы 25 қаңтарда көрсетілген айғақтар бойынша Байқожаевқа қатысты ешқайда шықпау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды. Бұл тұлғаларға қауіпсіздік шаралары қолданылды. Қазіргі уақытта Бақтыбаевтың мекен-жайы анықталуда.

«Бүгінгі күні бұл қылмысқа қатысушы басқа тұлғалар анықталуда және аталған тұлғалар тобының Қазақстан аумағында жалған ақшаны жасау және сатудық өзге фактілеріне қатысы тексерілуде.
Қылмыстық іс тергелуде, тергеу нәтижелері қосымша хабарланатын болады»,-делінген бұл мәліметтерде.