Жалған ақша жасап, елді алдап келгеннің ісі сотқа жетті - Қостанай

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының №2 сотының өндірісіне жалған ақша банкноттарын бірнеше рет дайындаған азамат В.-ға қатысты қылмыстық іс сот өндірісіне келіп түсті, деп хабарлады аталған соттың баспасөз қызметінен.
None
None

Бұрын сотталған В есімді тұрғын қасақана, ҚР Ұлттық Банкінің ақша банкноттарын бірнеше рет қолдан жасап, жалған ақшаны пайдаланған. Ол жалған ақшаны дайындап, сақтап, оны әрі қарай өткізу мақсатында, 2012 жылдың мамырында белгісіз тұлғалармен бірге көшірме жасау-көбейту құрылғысының түрлі-түсті картриджбен жабдықталған жеке компьютері арқылы 2000 теңге номиналды жалған ақша банкноттарын бірнеше рет дайындап шығарған. Жалған ақшаны сауда орталықтарында, базарларда, дүкендерде халық тұтынатын жеңіл-желпі тауарлар мен азық-түлікке, сондай-ақ өзі мінген таксиге төлеген. Қайтарымға шынайы ақша банкноттар алып отырған. «Қылмыстық іс 2014 жылдың 20 тамызында сот өндірісіне қабылданды және алдын ала тыңдау 2014 жылдың 25 тамызында өтеді» делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар