Жалған ақша жасаушылар қорғаныс дәрежесі жоғары ірі номиналды банкноттарды жасауды меңгеруде - Қаржы полициясы

АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Жалған ақша жасаушылар қорғаныс дәрежесі жоғары ірі номиналды банкноттар  жасауды меңгеруде. Бұл туралы апталық брифингте журналистерге Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты,

Жалған ақша жасаушылар қорғаныс дәрежесі жоғары ірі номиналды банкноттарды  жасауды меңгеруде - Қаржы полициясы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы полициясы органдарының статистикасы көрсеткендей, Тәркіленген барлық купюралардың 44 пайызы құны 10 мың теңгелік банкноттар, 27 пайызы жалған 2 мың теңгеліктертерді құрайды.

Алматы қаласында жалған ақша сатумен айналысқан 5 адам қамауда сот үкімін күтуде. Олар номиналы 10 мың теңгелік банкноттардан тұратын 2 млн. 100 мың теңгені сату үстінде ұсталды.

Алматыда осындай тағы бір факті анықталды. «Интер Пласт PVC» ЖШС директоры мен менеджері құны 2 мың теңгелік купюралардан мөлшері 500 мың теңгенің жалған ақшасын жасап сатқан. Оған қоса, аталған кәсіпорынның кеңсесін тінту барысында жалған 2 мың теңгелік купюралар басылған А-4 үлгісіндегі қағаздар табылды. Ондағы жалған ақшаның көлемі 70 мың теңгені құрады.

 Қылмыскерелер жалған ақша жасау үшін жаңа үлгідегі компьютерлік техниканы, арнайы қағаз бен сапалы бояуларды қолданады. Соның арқасында қорғаныс дәрежесі жоғары болып келетін ірі купюраларды жасауға жүрексінбейтін болса керек.