Жалған айғақ берген Текелі тұрғыны 5 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалған айғақ берген текелілік әйел қылмыстық жауапқа тартылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалған айғақ берген Текелі тұрғыны 5 жылға сотталды

Сотта әйелге қатысты ҚР ҚК 420-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды. Ол куәгер ретінде ҚР ҚК 287-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 4-бөлігі, 297-бабының 2-бөлігіне сәйкес ауыр қылмысқа қатысты қылмыстық іс бойынша көрінеу жалған айғақ берді деп айыпталды.

Куәгер сот отырысында айыбын мойындады. Ол 5 жылдық жаза мерзімін орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабы, 1-бөлігіне сәйкес, оның кішкентай баласы болғандықтан, жазаны өтеуге кірісу мерзімі 2 жылға шегерілді.