Жалған диплом жарнамасына студенттердің түпнұсқа дипломы қолданылады – Сергей Пен
АСТАНА. KAZINFORM – Жалған диплом жарнамасына студенттердің түпнұсқа дипломы қолданылады. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасы «Фокус внимания» бағдарламасында Maqsut Narikbayev University-нің провосты Сергей Пен айтты.

«Басқа жоғары орнынан ауысқан кезде қабылдау комиссиясына әкелетін, өзіміз көрген дипломдар әдетте бірден көзге түседі. Мөр сәйкес келмейді немесе мамандық атауы біртүрлі болады. Академиялық салада жұмыс істейтін адамдардың көздері жаттыққан. Сапасы немесе қорғаныс деңгейіне қатысты айтар болсақ, 3 жыл болды ЖОО-лар дербес үлгідегі дипломдарды беріп келеді. Сондықтан дипломда деректерден, QR-код немесе ішкі тіркеуден өзге ешқандай қорғаныс деңгейі болмауы мүмкін. Мұндай іс панацея емес. Ал олардың басып шығаратыны өте сапалы баспаханалық жұмыс. Олар монета сарайы жасағандай қылуға тырысады. Бәрінен бұрын бізді мұндай қызметтерге студенттердің түпнұсқа дипломдарын пайдаланатын жарнама мәселесі қатты алаңдатады», - деді Сергей Пен.
Ал заңгер Мереке Ғабдуалиев жалған дилом жасау барлық уақытта болғанын алға тартады.
«Қазір мәселе тіпті тереңде жатыр. Қоғамымыз үшін жалған дипломмен келгендер қауіп төндіре қоймайды. Біздің қоғам үшін ЖОО-да дипломды заңды түрде алған, бірақ, сол дипломға сай білімі жоқ адамдар қауіпті. Біз адамдар наградаларымен, дипломдарымен мақтанатын жалған идеалдар қоғамында өмір сүріп жатырмыз. 7-8 жоғары білімі бар адамдар кездеседі. Біз білімін тексере алмаймыз. Өйткені, оларға дипломды сол кездегі Ғылым және жоғары білім лицензиясы бар ЖОО-лар берді. Өткен жылдардағы осы жайт үлкен проблема және ұлттық қауіпсіздігімізге соққы», - деді заңгер.