13:16, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Жалған кәсіпкерлер 534 млн. теңге жымқырған
АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат – Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті К. деген азаматқа және анықталмаған адамдарға қатысты «Жалған кәсіпкерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды көздемей-ақ мүліктік пайда табу мақсатында олар жалған үш кәсіпорынды тіркеген және Қазақстанның Халық банкінен 534 160 мың теңге сомасында несиелік қаражат алып, оны жымқырған.