12:34, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Жалған кәсіпкерлер мемлекетке 34,6 миллион теңге шығын әкелді
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев / - Алматы қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (ЭСЖКД) қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, ҚР ҚК 192-бабының 2- тармағы «б» бөлімімен М. деген азаматқа және басқа да анықталмаған жақтастарына «жалған кәсіпкерлік» ісімен айналысты деген айып тағылуда.

Олар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінде «SARTCOPY» ЖШС-ін заңсыз тіркеп, салық төлемей келген. Жалпы мемлекетке 34,6 миллион теңге көлемінде шығын әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЭСЖКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.