16:29, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Жалған кәсіпкерлікпен күреске бағытталған заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды
АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыста осы құжат бойынша баяндама жасаған депутат Сансызбай Есімовтің айтуынша, соңғы бірнеше жылда еліміздегі жалған кәсіпкерлік мәселелеріне байланысты құқық бұзушылықтар айтарлықтай өсіп кеткен. Мәжіліс талқылауына ұсынылып отырған заң жобасы осындай әрекеттердің алдын алу мен оның жолын кесуді қарастырады. «Құжатта көрсетілген талаптар бойынша жалған кәсіпкерлік әрекетіне жол берген жағдайда коммерциялық ұйымдар ғана емес, жеке кәсіпкерлер де жауапқа тартылады. Заң жобасы күшіне енетін болса, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстеріне және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі», деді депутат.