Жалған құжатпен әкелінген 150 млн теңгенің қытай көліктері анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Бас көлік прокуратурасы экономикалық контрабанда дерегі бойынша жүк автомобильдерін әкелуге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
— Қадағалау органы жүргізген талдау барысында елімізге Қытай Халық Республикасында өндірілген құны 150 млн теңгеден асатын, экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк автомобильдерін жалған құжаттар арқылы заңсыз әкелу арнасы анықталды, — делінген хабарламада.
Қылмыстық істі Бас көлік прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеп жатыр, кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Айта кетелік елімізде көлік саны 5,5 миллионға жеткен еді.