Жалған терроризм үшін қостанайлық жазасын колонияда 1,5 жыл өтейтін болды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай тұрғыны Нұрлан Қожахметов терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырылып, жалпы режімдегі түзеу колониясына жіберілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жалған терроризм үшін қостанайлық жазасын колонияда 1,5  жыл өтейтін болды

Айыптау үкімі бүгін Қостанай қаласы №2 сотында оқылды. Іс материалдары бойынша Қожахметов 18 шілдеде  қостанайлық Бизнес-орталық ғимаратындағы Сбербанк филиалының құрылымдық бөлімшесінің үй-жайында жүріп, күзетшіге келіп жарылғыш құрылғы қойылғандығы туралы хабарлаған. Бомбаны іздегенмен, ештеңе табылмады. Жалған террорист ұсталды. Бұған қоса сот прокурордың  сотталушыдан 34 мың теңге мөлшерінде келтірілген залалды мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы азаматтық талап арызын қанағаттандырды. Бостандығынан айыру орындарында Қожахметовке психиатр-дәрігердің бақылауы тағайындалды.