Жалған визамен ұсталған отандастарымыз елге қашан оралады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сауд Арабиясындағы консулдық қажылық парызын өтеуге барып, визасы жалған болып шыққан отандастарымызды елге әкелу жағын қарастырып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі дерек бойынша (3 шілде) Мединада 2 топ қазақстандық бар. Олардың 18-і егде жаста. 5 шілдеде олар Қазақстанға оралады. Олар виза бойынша алдаған туристік компанияны сотқа бере алады. Туристік виза бойынша 306 қазақстандықты қажылыққа жіберген туркомпанияның өкілі Сауд Арабиясында орналасқан және қазақстандықтарға көмек көрсетіп жатыр», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Бұған дейін СІМ ресми өкілі жалған визамен қажылыққа барып, қамауға алынған 300-ден астам қазақстандық босатылғаны туралы айтқан еді.

Оның айтуынша, қамаудан босатылғаннан кейін 100-ден астам жерлесіміз бірнеше автобуспен өз бетінше кетіп қалған. Олардан әзірге хабар жоқ.


Соңғы жаңалықтар