Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі бесінші айқасы қашан өтетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі айқасы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі бесінші айқасы қашан өтетінін айтты

4 маусым күні ол Лас-Вегаста өтетін UFC 275 турнирінің аясында америкалық Джефф Молинамен айқасады.

Өзінің инстаграмында «Жако» бесінші жекпе-жегінің афишасын жариялап, оның астына «Келесі айқасымның датасы белгілі болды. 4 маусым күні Джефф Молинамен айқасамын» деген жазба қалдырды.

Еске сала кетейік, Жұмағұловтың Молинамен айқасы UFC октагонына бесінші рет шығуы болмақ.

Өткен айқастарында қазақстандық үш рет жеңіліп, бір рет жеңіске жеткен.