Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қанша гонорар төленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әбу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 257 турниріне қатысқандардың гонорары белгілі болды. Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың гонорары жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қанша гонорар төленді

«Жауынгерлер аралында» қазақстандық спортшы швед Амир Альбазиге қарсы шығып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліс тапты.

Осы жекпе-жек үшін Жұмағұловқа 13 500 доллар (10 000 доллар – кепілдендірілген гонорар, 3 500 доллар – демеушілік бонус) төленеді.

Альбази 23 500 доллар иеленді, яғни оған кепілдендірілген гонорар мен бонустан бөлек, 10 000 доллар жеңісі үшін берілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-де екінші айқасын өткізді.