07:18, 25 Қараша 2015 | GMT +5
Жалғыздық дертке шалдықтыратыны белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Чикаго университетінің ғалымдары жалғыздық салдарынан адам түрлі дерттерге шалдығып, тіпті өмірден ерте өтуі мүмкін екендігін мәлім етті.

Олар адамдар ұзақ уақыт жалғыз өмір сүрген жағдайда ми жұмысы бұзылып, адамның иммундық жүйесі толықтай зақымданады деген тұжырымға келді. Proceedings of the National Academy of Sciences ғылыми журналында осы зерттеудің нәтижесі жайлы егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген мақала жарық көрді.
Мақалада жалғыздық адам денсаулығына қаншалықты зиян екендігі жан-жақты дәлелденген. Қоғамнан бөлектеніп өмір сүрген адамның ерте өлу қаупі 14 пайызға артатыны айтылған.
Ғалымдардың пайымынша, адам жалғыз болған кезде өзін қорғансыз сезініп, қобалжумен болады. Бұл оның генінің белсенділігін арттырып, ағза мүшелерінде қабыну қаупін арттырады. Осыдан иммунитет төмендеп, адам түрлі дерттерге шалдығады.