09:11, 01 Қазан 2015 | GMT +5
Жалқау 249 шенеунік жазаланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жалқаулығы мен жайбасарлығы үшін 249 шенеунік сазайын алды. Бұған даму жобаларын кеш мақұлдап, кешіктіріп қаржы бөлуі себеп болып отыр, деп жазады islam.kz.
Провинциалдық көптеген шенеуніктерді Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізіп отырған саясаты шошытып тастаған. Коррупцияға байланысты күдікке ілікпесі үшін орталықтан бөлінген қаржыны игермей отыр. Жалпы саны 24 провинциялық және қалалық 249 билік өкілі қызметінен шеттетілді немесе қызметі төмендетілді. Экономиканы дамыту үшін есепшоттарда жиналып қалған, яғни, игерілмеген 296 миллиард юань (46,5 миллиард доллар) шұғыл түрде әлеуметтік және даму жобаларына инвестицияланды.