Жалпыға арналған жолдармен 25 тоннадан артық жүк тасыған көліктерге «Сергек» арқылы айыппұл салынады

Ресеймен шекарада 200-дей жүк көлігі тұрып қалды
Фото: newscentralasia

АСТАНА. KAZINFORM – Келер жылдың аяғына дейін жолдағы көліктің салмағын өлшейтін 220 станциясы орнатылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

«Жолдарға салынып жатқан үлкен инвестицияларды ескерсек, салынған жаңа жолдарды тиісті деңгейде сақтап қалу аса маңызды.

Мемлекетімізде 450 мыңнан астам жүк көлігі тіркелсе, оның 60 мыңы рұқсат етілген 25 тонна жүк тасу көлемін сақтамайды. Бұл жолдардың бұзылуына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты карьер иелерінің салмақ параметрлерін сақтау бойынша жауапкершілігін күшейту, карьерлік самосвалдардың жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға шығуына тыйым салуға тиісті заңнамалық түзетулер әзірленді», - деді М.Қарабаев.

Ведомство басшысы аталған нормаларды қыркүйек айына дейін Мәжіліске кіргізіп, 2025 жылдың басынан бастап күшіне енгізу жоспарланғанын айтты..

«Келесі жылдың аяғына дейін автокөліктің қозғалысы кезінде салмағын өлшейтін 220 станцияларын орнату жұмыстары басталды. 

Өлшеу станциялары – бұзушылықтарды онлайн тіркеп, айыппұлды «Сергек» бағдарламасы форматында рәсімдейтін болады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар