Жалпыға бірдей декларация: 2,1 млн қазақстандық табысын растады

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл 10 айдың ішінде 2,1 млн адам табысын көрсетіп, декларация тапсырды. Толығырақ Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың табыстарын әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы айтып берді.

Декларация
Фото: Kazinform

«2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелер туралы «кіру» декларациясын 580 мыңға жуық мемлекеттік қызметші және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ, олардың жұбайлары тапсырды. Екінші кезеңде, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны бейрезиденттерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары шамамен 2,1 млн жеке тұлға ұсынды», - деді Ерсайын Көптілеуұлы кірістер комитетінде өткен баспасөз мәслихатында.

Биыл коммерциялық емес ұйымдардың мүшелерін қоспағанда, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсырған.

«2024 жылғы 27 қазандағы жағдай бойынша 2,1 млн адам декларация тапсырды», - дейді ол.

Айта кетсек, жалпыға бірдей декларация аясында қазақстандықтардың мүлкі туралы 80 елден мәлімет түседі. 

Соңғы жаңалықтар