Жалпыға бірдей декларацияда сый-сияпат қалай көрсетіледі

сыйлық
Фото: Pixabay

Мемлекеттік кірістер комитеті өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов жалпыға бірдей декларацияда бағалы сый-сыяпатты көрсету тәрбітін түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларация енгізіліп келеді.

Биыл екінші кезеңде квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары — шамамен 2,1 млн адам декларация тапсырады.

Үшінші кезеңде — 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлік басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады (3,9 млн адам).

2025 жылы 13 миллионнан астам адамды қамту жоспарланған. 

«Жыл сайынғы декларацияда (270-нысан) сіз осы сыйлықты кімнен алғаныңызды ЖСН арқылы көрсетесіз. Алу кезінде де, бас тарту кезінде де бұл міндетті. Сыйлықты кімге бергеніңізді көрсетуіңіз керек», — деді Н. Қуандықов Қаржы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Кірістер мен мүлік туралы жыл сайынғы декларацияда (270-нысан) бағалы сыйлықтар ретінде жылжымайтын мүлік, көлік, шетелдік компаниядағы үлесі, бағалы қағаздар және шетелде тіркелген басқа да мүлік, өз бетінше салық салынатын табыс ретінде ақша түрінде алынған сыйлар және Қазақстанда және шетелде орналасқан өтеусіз алынған мүліктер көрсетілуі қажет.

Өтеусіз алу туралы мәліметтерді мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары көрсетеді.

Егер сыйлық жеке тұлғалардан алынса және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналмаса, онда оларға табыс салығы салынбайды.

Соңғы жаңалықтар