15:52, 01 Қазан 2010 | GMT +5
Жалпы білім беру мекемелеріне информатика пәнінің енгізілгеніне 25 жыл толды
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 25 жыл бұрын білім беру саласында ақпараттық технологиялар енгізіле бастаған кезде осынша орнықты,
қызықты болатынына ешкім күмәнданған жоқ. Бұл жайлы бүгін Алматыда «Білім мен ғылымдағы ақпараттық технология және математикалық модельдеу» деп аталатын V халықаралық ғылыми- әдістемелік конференцияда айтылды.
«Ол кезде ақпараттық технология туралы осындай халықаралық конференциялар ұйымдастырылатыны ойға кірмейтін. Қазір біз ақпараттық технологияларсыз бүгінгі заманды көзге елестете де алмаймыз», дейді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылым істері жөніндегі проректоры Владимир Косов. Оның айтуынша, дәстүрлі бұл конференцияда ғалымдар ақпараттық технология салаларының қазіргі заманғы даму бағыттарын талдайтын болады. Сондай-ақ оның өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибелерді ортаға салады.