Жалпы ел бойынша халық саны 161,3 мың адамға көбейді

АСТАНА.  15 қазан. ҚазАқпарат -  Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 16836,7 мың адамды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігіндегі брифингте аталған ведомствоның басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, қалалықтардың саны 9215,6 мың (54,7 пайыз), ауылдықтар 7621,1 мың  (45,3 пайыз) адамға жетті.

«2012 жылдың басымен салыстырғанда жалпы ел бойынша халық саны 161,3 мың адамға немесе 1 пайызға көбейді (2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 152,5 мың адамға немесе 0,9 пайызға өсті)»,-деді Ә. Смайылов.

Атап айтқанда, қаңтар-тамызда республика халқының табиғи өсімі 160,4 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффиценті 1000 тұрғынға шаққанда 14,3 адамды құрады.

Соңғы жаңалықтар