Жалпы ішкі өнім өсімі бес пайыз деңгейінде болжануда - ҚР Ұлттық банкі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі бес пайыз деңгейінде болжанып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Жалпы ішкі өнім өсімі бес пайыз деңгейінде болжануда - ҚР Ұлттық банкі

«Бүгін Үкімет 2014 жылдағы республикалық бюджетке өзгерістерді қарастырған болатын. Жалпы алғанда біз жалпы ішкі өнім өсімін бес пайызға дейін қарастырып отырмыз», - деді Қайрат Келімбетов.

Осы орайда ол 9 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4 пен 5 пайыз аралығындағы деңгейде болжанып отырғандығын жеткізді.