Жалпы отырыста атқарушылық іс жүргізуге қатысты қос құжат мақұлданды

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,

Жалпы отырыста атқарушылық іс жүргізуге қатысты қос құжат мақұлданды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Берік Бекжановтың айтуынша, заң жобасы қолданыстағы заңда жіберілген құқықтық кемшіліктерді жойып, еліміздегі жеке сот орындаушылар институтын енгізуді көздейді. Ал оның ілеспе заң жобасы, яғни «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс-жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжат сот орындаушылар институтын жүзеге асыруға бағытталған. Заң жобаларын депутаттар екінші оқылымда мақұлдады.