Жалпы отырыста Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит жобасына қатысты екі құжат қабылданды

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Оңтүстік – Батыс жол дәлізі жобасы («Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі) ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады,

Жалпы отырыста Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит жобасына қатысты екі құжат қабылданды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыс барысында аталмыш құжатқа қатысты баяндама жасаған Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновтың сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының биылғы жылғы Жолдауы мен Президенттің «Нұр Отан» партиясының XII съезінде көтерген Батыс Еуропа ?Батыс Қытай жобасы қазір жүзеге асырылу үстінде. Бүгін Сенаттың талқылауына ұсынылып отырған заң жобасы осы шараны қамтиды. «Жобаға байланысты 2007 жылы әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелер бойынша оның құны 804 миллиард теңгені құрайды. Дәліздің Қазақстан Республикасы арқылы өтетін аймағы 2 мың 787 шақырым. Заң жобасының талаптары бойынша оның 2 мың 452 шақырымы қайта жаңартылады. Жобаны басты үш қаржы көзінен қаржыландыру жоспарланып отыр», деді министр.Оның айтуынша, қазір Азия даму банкі бірінші транш бойынша 129 шақырым жолды қайта жаңарту шараларына 340 миллион АҚШ долларын ұсынып отыр. Ал Еуропа банкі Ақтөбе облысы бойынша 102 шақырым жолды жаңартуға 180 миллион доллар бермек. «2010 жылы осы жоба бойынша кең ауқымда құрылыс жұмыстары басталады. Жобаны жүзеге асыру барысында елімізде шамамен 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады», деді Ә.Құсайынов.Отырыс барысында депутаттар сондай-ақ тап осы мәселеге байланысты шаралардың жүзеге асырылуын қамтитын «Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі {Жамбыл облысындағы учаскелері } {«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі} Инвестициялық бағдарлама ? 1 жоба) ратификациялау туралы» заң жобасын да қабылдады.