Жалпы отырыста мемлекеттік монополияға қатысты заң жобасы талқыға салынады

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - 14 наурыз, сәрсенбі күні, Мәжілістің жалпы отырысы өтеді, деп хабарлайды осы Палатаның баспасөз қызметі.

Жалпы отырыста мемлекеттік монополияға қатысты заң жобасы талқыға салынады

Жалпы отырыста«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң жобасы бірінші оқылымда Палатаның талқысына шығарылатыны көзделуде.

Депутаттар ҚР Экономикалық даму және саудаминистрі Бақытжан Сағынтаевтың баяндамасын тыңдайды. Сондай-ақ Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мейрам Пішембаев қосымша баяндама жасайды деп күтілуде.

Сонымен қатар жалпы отырыста «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери мақсаттағы өнімді өндіруге қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралады. Заң жобасы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне берілмек.