Жалпы республика бойынша тұрақтандыру қорларына 145 816,4 тонна азық-түлік сатып алынды

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері «Астана Агро» СДО көкөніс сақтау қоймасының қызметімен танысты.

Жалпы республика бойынша тұрақтандыру қорларына 145 816,4 тонна азық-түлік сатып алынды

Аталған министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Астана Агро» СДО көкөніс қоймасы ауыл шаруашылық өнімдерінің сақтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған және Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыратын стратегиялық маңызды нысандардың бірі.

Заманауи кешен 2012 жылдың мамыр айында іске қосылды. Нысан 10690 ш.м. аумақты қамтыды. Жалпы сақтау қоймалары 8500 тоннаны құрайды, оның 4000 тоннасы тұқымды жемістерге арналған.

«Астана Агро» СДО тұрақтандыру қорларды дамыту мақсатында сатып алу көлемін ұлғайту, әрі тиімді жүзеге асыру аясында жоспар әзірлеуде.

Бүгінде нысан биылғы қараша айында 150 млн. тенгеге 2715 тонна көкөніс және 1170 тонна бакалеялық өнімдер сатып алған.

Жалпы республика бойынша, облыстық әкімдіктердің мәліметтеріне сәйкес, 2012 жылғы 5 қарашада тұрақтандыру қорларына 145 816,4 тонна азық-түлік сатып алынған. Комиссияның шешімі аясында негізсіз бағаның өсуіне жол бермеу үшін нарық бағасынан төмен 30 155,3 тонна азық-түлік тауарлары алынған.

Айта кетейік, 2012-2014 жылдарға Тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға 12,6 млрд. теңге қаржы қарастырылған.

Сонымен қатар 2011-2012 жылдары Қорларды құру үшін «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына 2011 жылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шаралар жүргізу үшін бөлінген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды. Осы қаражаттардың 100% көлемінде «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға Қорларды құру үшін заем берді.