Жалпы сомасы 2 млрд. 800 млн. теңге көлеміндегі 19 000 өнім партиясын сатуға тыйым салынды

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - 2010 жылы жүргізілген әр түрлі тұтыну санатына жататын өнім түрлерін тексеру барысында белгіленген талаптар мен шарттардың сақталмайтындығы және өнімдердің стандарттарға сәйкес келмейтіндігі анықталған.

Жалпы сомасы 2 млрд. 800 млн. теңге көлеміндегі 19 000 өнім партиясын сатуға тыйым салынды

Заңмен белгіленген талаптардың сақталмауы негізінен тауарларды сертификаттау, қораптарды таңбалау мен қауіпсіздік көрсеткіштеріне қатысты болып отыр.

Бұл жөнінде бүгін елордадағы баспасөз маслихатында Мемлекеттік бақылау сараптамасы мен мониторингі басқармасының бастығы Асхат Хасенов мәлімдеді.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің мамандары жүргізген тексерістер мен мемлекеттік бақылаудың қорытындыларына сәйкес талаптар мен нормаларды бұзу бойынша маңызды тұтыну өнімдерінің түрлі топтарында мынадай көрсеткіштер тіркелген: құрылыс материалдары - 56%, өнеркәсіп өнімі - 54%, халықтық тұтыну тауарлары - 53%, электротехникалық бұйымдар - 52%, мұнай өнімдері - 47%, дәрі-дәрмек- 42%.

Сертификаттау, таңбалау, қауіпсіздік талаптар мен белгіленген техникалық регламенттер бұзылған фактілер бойынша жалпы сомасы 2 млрд. 800 млн. теңге көлеміндегі 19 000 өнім партиясын сатуға тыйым салынған.

«Қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, соның ішінде таңбалау ережесінің дұрыс сақталмауы мен белгілі бір тамақ өнімдерінің бактерологиялық нормаларға сәйкес келмеу жағдайлары тамақ өнімдеріне қатысты болған. Бұндай олқылықтар Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарындағы өнімдерді тексеру барысында анықталған», - деді Асхат Хасенов.