Жалпыхалықтық сайлау арқылы отандық үздік телехикая таңдалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» РТРК» АҚ телеарнасы 2013/2014 телевизилиялық маусымының «Жыл таңдауы» («Выбор года») конкурсының басталғаны туралы хабарлайды. Корпорацияның арнайы веб-порталында (cinema.kaztrk.kz) қазақстандықтардың дауыс беруі арқылы үздік актер және актриса, үздік телехикая, телехикаяға арналған үздік саундтрек анықталатын болады.
«Үздік актриса» номинациясына 7 актриса ұсынылды: Жұлдыз Маханова, Таңсұлу Мұзафар, Рита Күмісқалиева, Ғайниқамал Байқошқарова, Гүлмира Дайрабай, Жанаргүл Нұғманова.
«Үздік актер» номинациясына 16 актер ұсынылды: Әлішер Әуезов, Жандарбек Садырбаев, Ернар Жұматаев, Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Дәурен Сергазин, Саят Мерекеұлы, Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген, Филипп Волошин, Сергей Серешев, Рүстем Жаныаманов, Бауыржан Сұрапбаев, Нұржан Әбубәкір, Ержан Нұрымбет, Бақтияр Қожа.
«Үздік телехикая» номинациясына 10 телехикая ұсынылды: «Сырғалым», «Ұлжан», «Қара шаңырақ», «Сұңқар», «Әпке», «Олимп шыңы», «Ауыл сақшысы», «Арман асуы», «Жедел жәрдем», «Ұстаз».
«Телехикаяға арналған үздік саундтрек» номинациясына 8 телехикая ұсынылды: «Сырғалым», «Ұлжан», «Қара шаңырақ», «Сұңқар», «Әпке», «Олимп шыңы», «Ауыл сақшысы», «Арман асуы».
Дауыс беру 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Жеңімпаздар 4 желтоқсанда белгілі болады. Бұл күні жыл үздіктерін салтанатты түрде марапаттау және құттықтау рәсімі өтеді.