Жалпыұлттық аза тұту күні: Қазақстанның шетелдегі елшіліктері туын төмен түсірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның шетелдегі елшіліктері жалпыұлттық аза тұту күніне орай мемлекеттік туды төмен түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы жарылыстар кезінде қаза тапқан азаматтарды еске алуға арналған Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты шетелдік азаматтар, шетелдердегі мемлекеттік органдардың өкілдері мен дипломатиялық корпус Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне қазақстандықтарға шын жүректен көңіл айтып жатыр.

Бүгін Қазақстанның шетелдегі барлық елшіліктері ғимараттарының үстінде мемлекеттік ту төмен түсірілді.


Соңғы жаңалықтар