Жалпыұлттық халық санағының алғашқы кезеңі: Түркістан облысында 2 003 479 адам тұрады
Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, санақ процесінің екі кезеңін жүргізу үшін аймақта 3 мыңға жуық азамат тартылмақ. Оның ішінде 400-ге жуық нұсқаушы-бақылаушы, 2500-ге жуық санақшы қызмет етеді деп жоспарланып отыр.
Ал, санақ жүргізетін интервьюерлерге көк түсті «Халық санағы» символикасы бар шарф, көк түсті сөмке, планшеті және Интервьюер екенін айшықтайтын бейдж-құжаттары берілмек. Ол құжаттарда фотосуреті, аты-жөні, тиісті аумақтық статистика бөлімінің мөрі және нөмірі көрсетіледі. Ол нөмірді sanaq.gov.kz сайтындағы «интервьюерді іздеу» жолағына енгізу арқылы тексеруге болады.
Айта кетейік, елііздегі халық санағы екі кезеңмен жүргізілмек. Бірінші – дайындық кезеңі маусым айында өткен болатын. Ұлттық халық санағының екінші, негізгі кезеңін 1 қыркүйектен 30 қазан аралығында өткізіледі.