Жалпыұлттық телекөпір: «Цифрлық Қазақстан» нәтижелері таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясындағы жалпыұлттық телекөпірде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының нәтижелері таныстырылды. Осы орайда Мемлекет басшысымен тікелей байланысқа Шығыс Қазақстан облысының Озерки ауылы мен Жамбыл облысынан Өрнек ауылы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Белгілі болғандай, цифрлық теңсіздікті жоюмен «Қазақтелеком» мен «Транстелеком» компаниялары айналысып жатыр. Осы компаниялар 1 249 елді мекен үшін талшықты-оптикалық желілерді тартады. Оның жалпы ұзақтығы 20 мың шақырымнан асады деп күтілуде.

«Қазақстандағы ауылдарды цифрландыруда негізгі рөл атқаратын стратегиялық жобаны іске асыру мүмкіндіктері үшін Сізге алғыс айтамыз. 3 718 ауылдық мемлекеттік мекемелерде алдыңғы қатарлы технологияларға қолжетімдік пайда болады. Осы орайда алғашқы болып қосылған нысандардың бірі Шығыс Қазақстан облысындағы Озерки ауылындағы орта мектеп болды. Бұл технологиялардың игілігін педагогтар мен оқушылар көреді», - деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Өз кезегінде «Транстелеком» АҚ  корпоративтік дамыту және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президенті Елнар Адайбеков ауылдық жерлерді цифрландыру білім саласын ғана емес, сонымен қатар медицина мен мемлекеттік қызмет көрсету салаларын да өзгерткенін атап өтті.

«Жобаның арқасында Өрнек ауылының тұрғындары жылдамдығы секундына 20Мбит сапалы интернеттің пайдасын сезініп, цифрлық кеңістіктің алғашқы тұтынушыларына айналды.  «Транстелеком» компаниясы осы жобаның сапалы әлі өз уақытында жүзеге асатынына кепілдік береді. Нұрсұлтан Әбішұлы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының арқасында  өмір сүру сапасының артқаны үшін ауыл тұрғындары Сізге алғысын білдіреді!», - деді Е. Адайбеков.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев цифрландыру мүмкіндігімен елдімізде еңбек өнімділігі елеулі түрде артатынын, Қазақстан осы бағыттағы жұмыстарға алдағы уақытта да ерекше екпін қоятынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар