Жалын шарпыған аймақтағы үш ауылдан көшірілген 50 шақты адам Семейде тұрып жатыр

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысы білім басқармасы Озерск ауыл округінің үш елді мекенінен 50-ге жуық адам Семей қаласына эвакуацияланғанын хабарлады. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 13 бала бар. Барлығы қауіпсіз жерде тұрып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат бала құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.
None
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Балалар мен ата-аналар жатахана, колледж ғимараттарына орналастырылып, барлық қажетті заттармен толық қамтамасыз етілді.

Оларға кәсіби психолог көмек берді.

Бұл отбасылар үшін кинотеатр мен биологиялық орталықта әртүрлі көңіл көтеретін шаралар ұйымдастырылды.

Төтенше жағдайдан жетім және ата-анасыз қалған балалар ұйымдары, жазғы демалыс орындары зардап шеккен жоқ.

Абай облысының білім басқармасы, аудандық білім бөлімдері және өңірдегі бала құқықтары жөніндегі өкіл тәулік бойы кезекшілікте.

Оқиға орнында бала құқықтарын қорғау комитетінің өкілі де болған.

Соңғы жаңалықтар