Жаманқұловтың денсаулығы нашарлауына байланысты сот отырысы өтпей қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматы қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Феникс» фильмі бойынша өтуі қажет болған сот процесі Тұңғышбай Жаманқұловтың сырқаттанып қалуына байланысты кейінге шегерілді.
None
None

 Істі жүргізуші судья Тәкен Шакиров егер Жаманқұлов келесі сотқа қатыспайтын болса, оны қамауда ұстау шарасына өзгертетінін айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   

Сотта Тұңғышбай Жаманқұловтың авдокаты қорғауындағы азаматтың 4 мамырдан бастап, емханада станционарлық емделуде жатқанын растайтын анықтаманы судья Тәкен Шакировке табыс етті . Анықтамада Тұңғышбай Жаманқұловқа артериалды гипертония, жүрек ауруына қатысты диагноз қойылғаны көрсетілген. Оның адвокаты Тұңғышбай Жаманқұловтың түнде жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға алып кеткенін айтқанымен, судья Шакиров бұған наразылық танытты.

«Біз Жаманқұловсыз сотты бастай алмаймыз. Өткен сот процесінде Жаманқұлов өтінімхат беріп, экономикалық сарапшылар шақыртуды сұраған, біз оның сұрауы бойынша 3 сарапшыны шақырттық, келе жатыр. «31 арна» мамандарын фильм («Феникс» - ред.) тизері бойынша алдыртып жатырмыз. Барлығының да денсаулығы нашар, барлығының да жұмысы бар. Әсіресе, қамауда отырғандардың (Жәнібеков, Ысқақова, - ред) денсаулығын тексерсе ақау шығады. Егер ол келесі жолы сотқа келмейтін болса, оны қамауда ұстау шарасын өзгертетін боламын. Осыны жеткізіңіздер. Ол сотқа қатысы алады. Мен оны қамауда ұстау шарасына өзгертетін болсам, ол «сол жерде» отыратын болады да біз бұл істі аяғына жеткізетін боламыз. Адамдар жұмысынан сұранып келіп отыр», - деді Такен Шакиров.

Осыдан кейін Жаманқұловтың адвокаты сот отырысын басқа күнге ауыстыруды сұрады.

Судья Шакиров Тұңғышбай Жаманқұловтың нақты қайда ем алып жатқанын сұрады. Авдокат бұрынғы «Совмин», қазіргі ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасында екенін айтты. Алайда, судья бұл ақпаратты да анықтауды тапсырды.

Келесі сот отырысы 12 мамырға белгіленді.

Еске сала кетейік, 28 сәуір күні Феникс» кинокартинасына бөлінген қаражатты қолды етіп, мақсатсыз жұмсады деп айыпталып отырған фильм режиссері Талғат Жәнібековті қамауда ұстау мерзімі бір айға, 2017 жылдың 28 мамырына дейін ұзартылған болатын. 27 сәуір күні өткен сот отырысында Тұңғышбай Жаманқұлов судьяға өтінімхат беріп, іс бойынша экономикалық сараптама тағайындауды сұраған. Бұл әрекетін Тұңғышбай Жаманқұлов «ҚазАқпарат» тілшісіне былай деп түсіндірген болатын. «Қаржы полициясы өз сараптамасын жасаған. Біз жұмыс жасалғанын дәлелдеу үшін экономикалық сараптама комиссиясын құруды сұраймыз. Ол сараптама тобы ҚР Әділет министрлігі тарапынан, өнер саласын білетін, фильмді түсінетін мамандарды құрамына енгізе отырып құрылса дейміз. Кино түсіру тәсілін білетін адамдар болғаны өте маңызды», - деген еді Тұңғышбай Жаманқұлов. 

Соңғы жаңалықтар