Жамбыл облысы дене шынықтыру басқармасының басшысы тағайындалды

басқарма
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

ТАРАЗ. КАZINFORM — Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ернар Ибраимов Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ернар Таласбекұлы 1984 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «дене шынықтыру және спорт», «қаржы және қаржы құқығы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «КазХолодМаш» ЖШС қаржы директоры болып бастаған.

Еңбек жолында Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр және бақылау инспекторлық жұмысы бөлімінің бас маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр және бақылау инспекторлық жұмысы бөлімінің бас маманы, олимпиадалық резервті даярлау орталығының директоры, Алматы қаласының «Шаңырақ» шағынауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры, Республикалық спорт колледжінің директоры қызметтерін атқарған.

2022 жылғы шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі директоры лауазымында қызмет атқарып келді.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар