Жамбыл және Қостанай облыстарының кейбір бөліктерінде жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін сағат 00:00–де Жамбыл облысы мен Қостанай облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты бірқатар жол бағытында қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол компаниясы.
Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Мерке-Шу-Бурылбайтал» автожолының 165-268 шақырымы аралығында (Бірлік ауылынан Бурылбайтал ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолаушылар 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат ала алады.
Қостанай облысында көлік қозғалысын шектеу туралы 2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 00:00–де Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 8-108 шақырымы аралығында (Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Екі өңірде де 17 желтоқсан сағат 08:00–де жолды ашу жоспарланған.