Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі қызметінен босатылды
ТАРАЗ. КАZINFORM - Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбеков қызметінен кетті.
Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен кезекті кеңейтілген мәжілісте белгілі болды.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, Мойынқұм ауданының әкімі өзіне жүктелген міндеттерді нәтижелі орындай алмаған.
Мәжілісте сондай-ақ, талап үдесінен шықпаған өзге де аудан әкімдеріне қатаң ескерту жасалды.