Жамбыл облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына басшы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Еркін Келесов Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еркін Егембердіұлы 1964 жылы Тараз қаласында туған.  1993 жылы Шымкент кәсіптік училищесін «өнеркәсіп кәсіпорнының бухгалтері», 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген.  Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясында аға салық инспекторы болып бастаған.  Әр жылдары Жамбыл облысы бойынша салық комитетінде бөлім бастығы, салық департаментінде басқарма бастығы, Байзақ ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Тараз қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы, Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымдарында еңбек еткен.  2022 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Еркін Егембердіұлы 1964 жылы Тараз қаласында туған.

1993 жылы Шымкент кәсіптік училищесін «өнеркәсіп кәсіпорнының бухгалтері», 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясында аға салық инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары Жамбыл облысы бойынша салық комитетінде бөлім бастығы, салық департаментінде басқарма бастығы, Байзақ ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Тараз қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы, Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымдарында еңбек еткен.

2022 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.