Жамбыл облысында 1600-ден астам бала сенімхат бойынша тәрбиеленеді
Жамбыл облысының прокуратурасы сенімхат бойынша тәрбиеленетін 1 600-ден астам баланы анықтады, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл туралы Тараздағы «Оқушылар сарайында» «Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның міндеті» тақырыбында ашық форумда талқыланды.
Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтың айтуынша, прокурорлар берілген нотариаттық сенімхаттар негізінде отбасыларда тәрбиеленетін 1600-ден астам баланы анықтаған. Яғни 1600 бала іс жүзінде заңды өкілдерсіз тұрады.
«Осыған байланысты прокурорлық ден қою актісі бойынша нотариустардың мұндай тәжірибесі тоқтатылды, кінәлі адамдар жауапқа тартылды.
Облыс прокуратурасының бастамасы бойынша ата-ананың нақты орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ олардың тұру және тәрбиелеу жағдайларын тексеру мақсатында барлық осындай балалар бойынша қарсы барып тексерулер ұйымдастырылды. Облыстың Нотариаттық палатасы осындай сенімхаттардың күшін жою бойынша жұмысты бастады», – деді облыс прокуроры.