Жамбыл облысында 4 күнде 255 азамат жауапқа тартылды

Қоғамдық орындарды ластағаны, атап айтқанда, қоқыс тастау, түкіру, жол қозғалысы ережелерін бұзу сияқты ұсақ құқықбұзушылықтар жасағаны үшін жамбылдық полицейлер 4 күнде 255 азаматты жауапқа тартты, деп хабарлайды Kazinform.

жауапқа тартылды
Фото: Kazinform

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полицейлер ұсақ құқықбұзушылықтар жасаған жамбылдықтарды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартып жатыр. 

«Бұзушылықтар Тараз қалалық полиция бөлімі жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Ер адамдар еліміздің Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-2-бабы «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған бапта бес айлық есептік көрсеткіш мөлшері – 17 250 теңге айыппұл қарастырылған. Бір жыл ішінде ол азамат қайта бұзған жағдайда – 10 АЕК, яғни 34 500 теңге төлейді. Жалпы, жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен Жамбыл облысының 2848 тұрғынына айыппұл салынды», – дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова. 

Бұған дейін Жамбыл облысында 4 жасар баланың басы көліктердің арасына қысылып қалғанын жазған болатынбыз.