Жамбыл облысында 700 балаға 1 психологтан келеді

Жамбыл облысында орта есеппен 600-700 балаға бір психологтан келеді. Сондықтан мектеп психологтарының жұмысы тиімсіз, деп хабарлайды Kazinform.

дети, эгоизм
Фото: Kazinform

Бұл туралы облыстық прокуратура жанындағы консультативтік кеңестің ұйымдастыруымен Тараздағы «Оқушылар сарайында» «Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның міндеті» тақырыбында ашық форумда талқыланды.

Форумда облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров сондай-ақ, психологтар балалардың алдында тұрған проблемаларды ерте анықтау қажеттігін, алайда, бұл ретте олардың балалармен жұмыс істеу кестесінде бөлек сағаты жоқ екенін айтты. Мұнымен қоса, төмен жалақы мен біліктілік профилактикалық әсер бермейтін көрінеді.

Осыған байланысты Тараз қаласында педагог қызметкерлері мен психологтардың біліктілігін арттыру орталығы ашылған болатын. Қазіргі таңда онда 350 педагог-психолог дайындықтан өткен.

Бұдан бөлек Нұрғалым Әбдіров «Жамбыл облысы прокуратурасының Консультативтік кеңесінің жанынан балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі штаб ашылатындығын жеткізді.