Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы көшедегі әжетханада қайтыс болды

Жамбыл облысы
Фото: Жамбыл облысы ПД

ТАРАЗ. KAZINFORM – Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектепте қайғылы оқиға болды. Мектептің 8-сынып оқушысы қаза тапты.

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды», - делінген полиция хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар