Жамбыл облысында абаттандыру ережесін бұзудың 20 мыңнан астам дерегі анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Жамбыл облысында жыл басынан бері абаттандыру қағидаларын бұзудың 20 708 дерегі тіркелді. Олардың қатарында елді мекендерді абаттандыру талаптарын сақтамау, инфрақұрылым нысандары мен жасыл желектерді бүлдіру жағдайлары бар, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Жамбыл облысында абаттандыру ережесін бұзудың 20 мыңнан астам дерегі анықталды
Фото: Polisia.kz

Департамент мәліметіне сүйенсек, қоғамдық орындарды ластаудың 854 дерегі жеке тіркелген.

Алдын алу жұмыстары аясында 19 917 азаматқа ескерту жасалды. Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, тұрғындарға қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау талаптарын түсіндіріп жатыр.

Жамбыл облысында абаттандыру ережесін бұзудың 20 мыңнан астам дерегі анықталды
Фото: Polisia.kz

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында жыл басынан бері 82 вандализм дерегінің жолы кесілгені хабарланған еді.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында заңсыз қоқыс үйінділеріне тиісті бақылау жүргізбегені үшін ауылдық округтердің 12 әкімі жауапқа тартылды.