Жамбыл облысында автокөлік өртке оранды

АСТАНА. KAZINFORM - Жамбыл облысында автокөлік өртке оранды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

Жамбыл облысы
Фото: ҚР ТЖМ

«Жуалы ауданының республикалық маңызы бар „Алматы-Ташкент“ 522 шақырымында жүк көлігі өртеніп кетті», — делінген хабарламада. 

Өрт сөндірушілер өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ.