Жамбыл облысында боранға байланысты екі жол жабылды
Жамбыл облысында ауа райы күрт нашарлап, ақ түтек боран соғып, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты екі жол бөлігінде көліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды. Kazinform бұл туралы Қазавтожолға сілтеме жасап хабарлайды.
«Шу-Қайнар» тас жолының 0-56 шақырымы, «Қордай-Қайнар» тас жолының» 214-2358 шақырым бөлігі автокөліктің барлық түрі үшін жабылды, - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.