Жамбыл облысында екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады

АСТАНА. KAZINFORM – Расталмаған мәліметтерге сәйкес, бүгін таңертең тоғызыншы сыныптың екі оқушысының денелері қорадан табылды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

мужчина подростки несовершеннолетний
Коллаж: pixabay / ЖИ

Қайғылы оқиға таңертең Қордай ауданының Қаракемер ауылында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, екі жасөспірім өздеріне қол жұмсаған, бірақ ешқандай жазба қалдырған жоқ.

Қазіргі уақытта тергеушілер балалардың байланыста болған барлық адамдар – көршілері, достары және мектеп мұғалімдері сұрастырылып жатыр. 

Полиция департаменті әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратты растады. 

- Қордай ауданындағы суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтау үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады ведомство. 

Айта кету керек, 2026 жылы Қордай ауданынан қайғылы оқиғалар туралы ақпарат келіп түсіп отыр – бір айдан астам уақыт бұрын ғана басқа ауылдарда тағы екі бала өз-өзіне қол жұмсаған болатын.

Осыған дейін Шымкентте оқушылар арасында 11 суицид фактісі тіркелгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар